Шығарылу түрі

қабықпен қапталған, салмағы 930,01 мг шайнайтын таблеткалар. Құтыда 30 таблеткадан, картон қорапта 1 құтыдан.

Құрамы

С дәрумені (L-натрий аскорбаты, L-аскорбин қышқылы), сорбитол тәттілендіргіші, таблетка қабығы (NutraPolish® F ақ 014.65 MS (гидроксипропилметилцеллюлоза тұрақтандырғышы, тальк тығыздалуға қарсы агент, титан диоксиді бояғышы, целлюлоза тығыздалуға қарсы агент, гидроксипропилцеллюлоза тұрақтандырғышы, орташа тізбекті триглицеридтер), қызыл бұрыш сығындысы бояғышы, алма қышқылы қышқылдықты реттегіші, «апельсин» хош иістендіргіші, ацесульфам К тәттілендіргіші), стеарин қышқылы тығыздалуға қарсы агент, «апельсин» хош иістендіргіші, магний стеараты тығыздалуға қарсы агент, тәттілендіргіштер: аспартам, ацесульфам К, неогесперидин, натрий сахарині.

Фенилаланин көзін қамтиды.

Тәттілендіргіштер қамтиды. Шамадан тыс қолданған кезде іш жүргізетін әсер етуі мүмкін.

Белсенді компонент Тәуліктік тұтыну нормасындағы қамтылым (салмағы 930,01 мг қабықпен қапталған 1 шайнайтын таблетка) Тәуліктік тұтынудың ұсынылатын деңгейінен %
С дәрумені 600 мг 1000*

* тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейінен аспайды

Қолдану саласы

С дәруменінің қосымша көзі, тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде.

С ДӘРУМЕНІ

Аскорбин қышқылы деп аталатын С дәрумені көптеген сүтқоректілерге қарағанда адам ағзасында синтезделмейді және тамақпен қажетті мөлшерде келуі керек. Ағзада ол толығымен аш ішекте сіңеді және қанда айналады, мүшелер мен тіндерге таралады, ал артығы бірнеше сағат ішінде несеппен шығарылады.

ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ФУНКЦИЯСЫН САҚТАУ

Иммундық жүйенің белсенділігін қолдайды (интерферон және кейбір басқа компоненттер синтезі). Аскорбин қышқылымен байытылған нейтрофилдер өзіндік патологиялық өзгерген жасушаларды, бактериялық, вирустық және басқа да бөгдетекті агенттерді тану және жою қабілетін күшейтеді.

С дәрумені (аскорбин қышқылы)

Антиоксидант болып табылады және жасушаларды бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен тікелей қорғауды қамтамасыз етеді.

Іске асыру шарттары

халыққа. Іске асыру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады

Қолдану бойынша ұсыныстар

ересектерге тамақтағаннан кейін күніне 1 таблеткадан. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады

Қарсы көрсетілімдер

компоненттерге жеке төзбеушілік, жүктілік, емшек емізу, фенилкетонурия.

Сақтау шарттары

құрғақ, тікелей күн сәулесінен қорғалған, 25 °C аспайтын температурада балалардың қолы жетпейтін жерде.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

24.01.2022 ж. № AM.01.07.01.003.R.000066.01.22 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Дайындаушының атауы жəне орналасқан жері:

«Walmark, a.s.», Oldrichovice 44, 739 61 Trinec, Чех Республикасы.

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уəкілетті ұйым / импорттаушы:

«EҰ «Нижфарм-Казахстан» ЖШС, 050011, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй,
Тел.: (727) 2222-100, факс: (727) 398-64-95, е-mail: almaty@stada.kz.

Дәрі болып табылмайды.

Өнім ерікті сертификаттаудан өтті.

Товарный знак ШТАДА Арцнаймиттель АГ

Единый знак обращения продукции на рынке государств – членов Таможенного союза

Знак системы добровольной сертификации 

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз