Сәйкестендіру және жіктеу

25.10.2021 ж. № АМ.01.07.01.003.R.000596.10.21 мемлекеттік тіркеу туралы куəлік

Шығарылу түрі

қабықпен қапталған, салмағы 1400 мг таблеткалар. Блистерде 10 таблеткадан, картон қорапта 3 блистерден. немесе Құтыда 30 таблеткадан, картон қорапта 1 құтыдан.

Құрамы

Құрамы: кальций карбонаты (кальций), тығыздалуға қарсы агент, адамтамыр сығындысы, L-аскорбин қышқылы (С дəрумені), ДМАЕ (диметиламиноэтанол битартраты), AquaPolish®F таблеткасының қабығы қызғылт сары 039.24 (гидроксипропилметилцеллюлоза тұрақтандырғышы, тығыздалуға қарсы агент тальк, титан бояғышы, тығыздалуға қарсы агент, глицерин ылғал ұстайтын агент, бояғыш қызыл темір оксиді жəне сары темір оксиді), DL-альфа-токоферол ацетаты (Е дəрумені), мырыш цитраты (мырыш), марганец глюконаты (марганец), никотинамид (В3 дәрумені), карбоксиметилцеллюлоза тұрақтандырғышы кросс байланысты натрий тұзы, D-кальций пантотенаты (B5 дәрумені), магний стеаратын тығыздалуға қарсы агент, ретинол ацетаты (А дəрумені), мыс глюконаты (мыс), ізге қарсы агент кремний диоксиді, холекальциферол (D3 дәрумені (400 ХБ)), тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені), рибофлавин (В2 дәрумені), пиридоксин гидрохлориді (В6 дəрумені), цианокобаламин (В12 дәрумені), фолий қышқылы.

Белсенді компонент Тəуліктік тұтыну нормасындағы қамтылым (Салмағы 1400 мг қабықпен қапталған 1 таблетка) Ұсынылатын тəуліктік тұтыну деңгейінің немесе барабар1 тұтыну деңгейінің %
A дəрумені 1,2 мг (4000 МЕ) 150*
В1 дәрумені 2,0 мг 143*
В2 дәрумені 2,0 мг 125*
В3 дәрумені 16,0 мг 89
В5 дәрумені 9,0 мг 150*
В6 дәрумені 1,4 мг 70
В12 дәрумені 0,0025 мг 250*
С дәрумені 80,0 мг 133*
D3 (400 ХБ) дәрумені 0,01 мг 200*
Е дәрумені 12,0 мг 120*
Фолий қышқылы 0,20 мг 100
Марганец 2,0 мг 100*
Мыс 1,0 мг 100*
Кальций 280,0 мг 28
Мырыш 10,0 мг 67
Гинсенозидтер 27 мг 540*
Диметиламиноэтанол 20 мг -

* тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейінен аспайды.

Қолдану саласы

Қолдану саласы: тағамға биологиялық белсенді қоспа - А, С, B1, B2, В3 (РР), В5, В6, В12, D3, Е дəрумендерінің, фолий қышқылының; гинсенозидтердің, минералдық заттардың: құрамында диметиламиноэтанол бар мырыш, марганец, мыс, кальцийдің қосымша көзі ретінде.

Қолдану бойынша ұсыныстар

күннің бірінші жартысында, ересектерге тамақтану кезінде 1 таблеткадан күніне 1 рет. Қабылдау ұзақтығы — 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады. Қолданар алдында дəрігермен кеңесу ұсынылады.

Қарсы көрсетілімдер

компоненттерге жеке төзбеушілік, жоғары күретамырлық қысым, жүрек ырғағының бұзылуы, ұйқысыздық, жүйке қозғыштығының жоғарылауы, жүктілік, емшекпен емізу.

Қолдану бойынша ұсыныстар

күннің бірінші жартысында, ересектерге тамақтану кезінде 1 таблеткадан күніне 1 рет. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады. Қолданар алдында дəрігермен кеңесу ұсынылады.

Ерекше нұсқаулар

ВИТРУМ ВИТАЛИТИ 50+ VITRUM VITALITY 50+ − тағамға биологиялық белсенді қоспа − бұл компоненттері өмірлік тонусты, жақсы көңіл-күй мен когнитивті функцияларды сақтауға ықпал ететін, сондай-ақ антиоксиданттық қасиеттерге ие дəруменді-минералды кешен.

Қалпына келтіретін агент ретінде адамтамыр сығындысы төмендегілерге ықпал етеді:

  • физикалық төзімділікті арттыру (адаптогендік əсер етеді)
  • зейін мен есте сақтау концентрациясы (бас миының қызметін ынталандырады)
  • эректильді функцияны сақтау

Диметиламиноэтанол (ДМАЭ) − В дəрумені (холин) тобының аналогы болып табылады жəне төмендегілерге ықпал етеді:

  • терінің серпімділігін сақтау
  • жадты сақтау
  • көңіл-күй мен ұйқыны жақсарту

С дəрумені − коллаген мен терінің дəнекер тіндерін, байламдар мен сүйектерді қалыптастыру үшін қажет жəне жараларды жазылдыру үшін маңызы зор. Қазіргі мəліметтерге сəйкес, С дəруменінің тəуліктік дозасын тұтыну коллаген талшықтарының өндірісін жақсартады.

Аскорбин қышқылы ағзаның темірді сіңіруіне ықпал етеді, эритроциттердің пайда болуына қатысады, қан құйылу мен қызыл иектің қан кетуіне жол бермейді, ақ қан жасушаларының белсенділігін қолдайды, бактерияларға қарсы қорғаныс қасиеттерін сақтайды.

Бұл ақуыздарды, липидтерді, ДНҚ мен РНҚ еркін радикалдардың зиянды əсерінен тікелей қорғауды қамтамасыз ететін антиоксидант.

Жасы ұлғайған сайын бұл дəруменге деген қажеттілік артады — С дəрумені жетіспейтін адамдарда инсульт қаупі 2,4 есе жоғары.

В1 дәрумені (тиамин) − ақыл-ойдың қабілеттілігіне, денсаулық жағдайына оң əсер етеді. Бұл жүйке жасушаларының қалыпты қызмет етуі үшін қажет.

В3 дәрумені (РР дəрумені, ниацинамид, ниацин) − жүйке жүйесінің, қан айналымының жəне ас қорытудың функционалдық жағдайына реттеуші əсер етеді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, əлсіздікпен, депрессиямен, ашуланшақтықпен, қысқа есте сақтау қабілетінің жоғалуымен, алаңдаушылықпен күресуге көмектеседі. Егде жастағы адамдардың жасушалары қысқа өмірлік циклге ие, өйткені олар жеткілікті оттегін алмайды. Оттегі жетіспейтін жасушаларды ниацин қабылдаған кезде белсендіруге болады. Ниацин сонымен қатар жасушалық иммунитеттің белсенділігін сақтауға қатысады.

В6 дәрумені (пиридоксин) − орталық жүйке жүйесін сақтау үшін қажет, тітіркенуді, ұйқышылдықты, полиневритті жеңуге көмектеседі, тері мен шырышты қабаттардың жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Пантотен қышқылы − өмірлік тонусты көтереді. Оны күйзелістерден қорғау, шоғырлануды арттыру үшін де ұсынады. Май қорын азайтуға көмектеседі, бұл фигураның мүсінділігін сақтауға мүмкіндік береді, зат алмасу ынталандырушысы болып табылады.

Пантотен қышқылының жетіспеушілігі кезінде дерматит, депигментация жəне шаштың жоғалуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, жүрек, бүйрек, асқазан жəне ішек функциялары, жад пен көру қабілетінің əлсіреуі, тітіркену, шаштың түсуі, ауыздың бұрыштарында кішкентай жарықтар пайда болады. Пантотен қышқылының жетіспеушілігі əсіресе қарт адамдар үшін, сондай-ақ жаңадан дайындалған тағамның орнына тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталатын консервіленген тағамдарды жегенді жөн көретіндер үшін қауіпті.

В12 дәрумені − қантүзілімге, ақуыздарды, майларды жəне көмірсуларды өңдеуге қатысады. Өнімділікті арттырады, жады мен шоғырлануды жақсартады, С дəруменінің əсерін күшейтеді. В12 дəруменінің жетіспеушілігінен көбінесе қарт адамдар зардап шегеді, өйткені жасына қарай ағзаның дəрумендерді сіңіру қабілеті төмендейді.

Фолий қышқылы − тегде жастағы адамдарға когнитивтік қабілеттерін сақтау, сондай-ақ жэсақтау үшін қажет.

Фолий қышқылының жетіспеушілігі кезінде шаршау, депрессия, қорқыныш сезімі, нашар ұйқы байқалады, дененің қорғаныс қабілеті төмендейді.

Сақтау шарттары

құрғақ, күн сəулесінің тікелей түсуінен қорғалған жəне 25 °С жоғары емес температурада балалардың қолы жетпейтін жерде.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Іске асыру шарттары

халыққа. Іске асыру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.

Дайындаушының атауы жəне орналасқан жері

«Walmark, a.s.», Oldrichovice 44, 739 61 Trinec, Чех Республикасы.

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уəкілетті ұйым / импорттаушы: ТОО «ДО «Нижфарм-Казахстан», 050011, Республика Казахстан, г. Алматы, проспект Сүйінбай, д. 258В
Тел.: (727) 2222-100, факс: (727) 398-64-95, е-mail: almaty@stada.kz

Қосымша ақпарат

25.10.2021 ж. № АМ.01.07.01.003.R.000596.10.21 мемлекеттік тіркеу туралы куəлік

Дəрі болып табылмайды.

Өнім ерікті сертификаттаудан өтті.

Товарный знак ШТАДА Арцнаймиттель АГ
Единый знак обращения продукции на рынке государств – членов Таможенного союза
Знак системы добровольной сертификации

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз