Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Құрамы: А витамині (ретинол ацетаты), D3 витамині (холекальциферол), Е витамині (альфа токоферол ацетаты), С витамині (аскорбин қышқылы), фолий қышқылы, В1 витамині (тиамин мононитраты), В2 витамині (рибофлавин), В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді), В12 витамині (цианокобаламин), никотинамид, темір (темір фумараты), кальций (кальций карбонаты, кальций сульфаты), мырыш (мырыш тотығы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің қостотығы, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), қызыл FD&C бояғыш #40 (Е129).

Бір таблетканың құрамында:

Белсенді
заттар
Бір таблетканың құрамында, мг % от рекомендуемого уровня*
Жүкті
(Бірінші жартысы)
Жүкті
(Екінші жартысы)
Бала емізетін
А витамині 0,75 (0,67-1,13) 83 (74 — 125) 75 (67 — 113) 58 (52 — 87)
Бета-каротин 1,5 (1,35- 2,25) 30 (27 — 45) 30 (27 — 45) 2 30 (27 — 45) 2
Е витамині 20,1 (18,1 — 30,2) 134 (121 — 201) ** 118 (106 — 177) ** 106 (95,4 — 159)**
D3 витамині 10 (9,0-15,0) 100 (90-150) 80 (72 — 120) 80 (72 — 120)
С витамині 120 (108-180) 133 (120 — 200)** 120 (108-180)** 100 (90-150)
В1 витамині 3 (2,7-4,5) 200 (180 — 300)** 200 (180 — 300)** 167 (150-251)**
В2 витамині 3,4 (3,06-5,10) 189 (170-284)** 189 (170-284)** 162 (146-243)**
В6 витамині 3(2,7-4,5) 150 (135-225)** 150 (135-225)** 120 (108-195)**
Фолий қышқылы 400 (360-600) 100 (90-150)** 100 (90-150)** 80 (72-100)
В12 витамині 4,5 (4,1-6,7) 150 (135-225)** 150 (135-225)** 129 (116-193)**
Ниацин 20 (18-30) 100 (90-150) 100 (90-150) 87 (78-131)
В5 витамині 7 (6,3-10,5) 140 (126-210)** 140 (126-210)** 100 (90-150)
Биотин, мкг 30 (27 — 45) 60 (54-90) 1 60 (54-90)1 60 (54-90) 1
Кальций 200 (180 — 250) 20 (18-25) 15 (14-19) 14 (13-21)
Темір 32 (28,8–40,0) 178 (160 —223) ** 97 (87-121) 178 (160-223)**
Мырыш 18 (16,2-22,5) 150 (135-188)** 120 (108-150)** 120 (108-150)**
Мыс 2 (1,8-2,5) 200 (180-250)** 182 (164 −228)** 143 (129- 168)**
Марганец 3,3 (2,97-4,12) 165 (149-206)** 150 (135-188)** 118 (106-148)**
Хром 25 (22,5-40,0) 50 (45-80) 50 (45-80) 2 50 (45-80)2
Йод 150 (135-240) 100 (90-160) 68 (61-109) 52 (47-83)
Селен 25 (22,5-40,0) 45 (41-72) 38 (34-61) 38 (34-61)

* согласно МР 2.3.1.2432-08 «Нормы физиологических потребностей в энергии и пищевых веществах для различных групп населения Российской Федерации»;

** Не превышает верхний допустимый уровень потребления согласно Единым санитарно-эпидемиологические и гигиенические требованиям к товарам, подлежащих санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) (Глава II, раздел 1, Приложение 5);

1 — % от рекомендуемой суточной потребности согласно ТР ТС 022/2011, приложение 2;

2 — % от адекватного уровня суточного потребления согласно «Единым санитарно-эпидемиологическим и гигиеническим требованиям к товарам, подлежащим санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю)» (Глава II, раздел 1, Приложение 5).

А витамині — ақуыздар, липидтер, полисахаридтер синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтың, сондай-ақ көру мүшелерінің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді.

D3 витамині жүкті әйелдердің организмінде кальций мен фосфордың теңгерімін демеуде маңызды рөл атқарады. D3 витаминінің тапшылығы балаларда рахиттің дамуына және ересектерде сүйек тіндерінде кальций құрамының азаюына (остеопорозға) әкеледі.

Е витамині — табиғи антиоксидант. Жоғары қан ұйығыштықты қайтарады және шеткергі қан айналымына қолайлы әсер етеді. Ақуыздар (коллаген, бұлшықетті жиырылтатын ақуыздар) гемоглобин, Q коэнзим, гонадотропты гормондар биосинтезіне, тіннің тыныс алуына, тіндік метаболизмінің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, капиллярлардың жоғары өткізгіштігіне және үзілгіштігіне кедергі болады. Е витамині тапшылығы жүктіліктің ерте мерзімінде түсік тастауға себеп болуы мүмкін.

С витамині — тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуде маңызды рөл атқарады, коллаген синтезін қамтамасыз етеді, фолий қышқылы метаболизміне, липидтер және ақуыздар синтезіне, қан ұю және тіндер регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді, капиллярлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, инфекцияғаорганизмнің төзімділігін көтермелейді, қабыну реакцияларын төмендетеді; асқазан-ішек жолынан темірдің сіңуін оның жинақталуына ықпал ете отырып жақсартады.

Фолий қышқылы — қан жасушаларының қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэзді көтермелейді, амин қышқылдары синтезіне қатысады.

В тобының витаминдері — организмдегі әр түрлі зат алмасу түрлерін реттейтін ферменттердің түзілуіне қатысады.

В1 витамині — кофермент ретінде көмірсу алмасуына, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.

В2 В2 витамині — жасушалық тыныс алу және көру катализаторы болып табылады; ДНҚ қалыптасуында маңызды рөл атқарады, тіндер регенерациясы үдерістеріне (оның ішінде тері жасушаларының) ықпал етеді.

B6 витамині — кофермент ретінде амин қышқылдары мен ақуыздар метаболизміне, нейромедиаторлар синтезіне қатысады.

В12 витамині — фолий қышқылымен бірге нуклеотидтер синтезіне қатысады, жүйке қабығы жасушалары мен эритроциттердің қалыптасуына қатысады, организмнің өсуіне қажетті паренхиматозды ағзалар жасушаларының майға айналуына кедергі болады.

Никотинамид — тіндік тыныс алу үдерісіне, көмірсу және липидтер метаболизміне қатысады. Қан тамырларын холестериннің жағымсыз әсер етуінен қорғайды.

Темір — гемоглобин молекуласы бөлігіне жатады, организмде оттегін тасымалдауға қатысады, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, эритропоэзді көтермелейді; жүкті әйелдерде, әсіресе жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде анемия дамуын болдырмайды.

Кальций — сүйек тіндері мен тістің қалыптасуына, қан ұюына, жүйке импульстерінің берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшықеттер жиырылуына қатысады, тұрақты жүрек қызметін демеу үшін қажет. Ол сондай-ақ темірдің сіңірілуіне ықпал етеді.

Мырыш — шарана қаңқасының дұрыс қалыптасуына және тіндер регенерациясы үшін қажет, инсулинді қоса, кейбір гормондардардың түзілуіне қатысады, бірқатар жатырішілік аномалияның даму ықтималдығын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері

Қолдану саласы: в качестве биологически активной добавки к пище — дополнительного источника витаминов А, D3, Е, С, В1, В2, В5, В6, В12, ниацина, фолиевой кислоты, биотина; минеральных веществ: цинка, железа, меди, марганца, йода, хрома, селена, содержащей кальций для беременных и кормящих женщин.

гипо- және авитаминоздарды, жүктілік кезеңі және бала емізу кезінде минералды заттар жеткіліксіздігін емдеуде және профилактикасында

жүкті әйелдерде темір тапшылығы анемиясы мен кальций тапшылығының профилактикасында

Қолдану бойынша ұсыныстар

Жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін күніне 1 таблеткадан, тамақтанудан кейін. Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курсы дәрігердің ұсынуымен.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

Қолдану тәсілі және дозалары

Жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін күніне 1 таблеткадан, тамақтанудан кейін. Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курсы дәрігердің ұсынуымен.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 0С температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы: «ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06, info@unipharm.kz

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз