Шығарылу түрі

Полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар полиэтилен құтыда қабықпен қапталған 30, 60, 100 немесе 130 таблеткадан. Құтыға заттаңба жапсырылған және полиэтилен үлбірмен тарттырылған.1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Құрамы

Құрамы: Кальций фосфаты қос негізді сусыз, магний оксиді, тасымалдаушы микрокристалдық целлюлоза, тұрақтандырғыш стеарин қышқылы, калий хлориді, С дәрумені (аскорбин қышқылы), темір фумараты, Е дәрумені (D-альфа-токоферол ацетаты), тасымалдаушы стеарин қышқылының магнийлі таблетканың қабықшасы Опадрай II ақ (тұрақтандырғыш гидроксипропилметилцеллюлоза, бояғыш титан диоксиді, тасымалдаушы полидекстроза, нығыздалуға қарсы бөлік тальк, мальтодекстрин, ортатізбекті үшглицеридтер), тұрақтандырғыш натрий кроскармеллозасы, тұрақтандырғыш кремний диоксиді, ниацинамид, мырыш оксиді, В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты), А дәрумені (ацетат), марганец сульфаты, фолий қышқылы, D3 дәрумені (холекальциферол), D-биотин, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), К1 дәрумені (фитоменадион), мыс оксиді, хром хлориді, В1 дәрумені (тиамин мононитраты), В2 дәрумені (рибофлавин), калий йодиді, натрий селенаты, натрий молибдаты, натрий метаванадаты, В12 дәрумені (цианокобаламин).

Биологиялық
белсенді заттегі
1 таблеткасындағы мөлшері, мг ұсынылатын тұтыну
деңгейінен1 немесе сәйкес
тұтыну деңгейінен2 %
А дәрумені 1,72 (1,55-2,58) 215(194 — 323)1,*
D дәрумені 3 0,01 (0,009-0,015) 200 (180-300)1,*
Е дәрумені, ТЭ 13,5 (12,2 — 20,3) 135(122 — 203) 1,*
С дәрумені, 60,0 (54-90) 100 (90-150) 1,*
В1 дәрумені 1,5 (1,35-2,25) 107 (96-161)1,*
В2 дәрумені 1,7 (1,53-2,55) 106 (96-159) 1,*
В6 дәрумені 2,0 (1,8-3) 100 (90-150)1,*
В12 дәрумені, мкг 6,0 (5,4-9) 600 (540-900)1,*
РР дәрумені (ниацинамид) 20 (18-30) 111 (100-167)1,*
К1 дәрумені, мкг 25 (23-40) 21 (19-33)2
Пантотен қышқылы 10 (9-15) 167 (150-250)1,*
Фолий қышқылы 0,4 (0,36-0,6) 200 (180-300)1,*
Биотин, мкг 30 (27-45) 60 (54-90)1
Кальций 162 (145,8-202,5) 16 (15-20)1
Магний 100 (90-125) 25 (23-31)1
Мырыш 15 (13,5-18,7) 100 (90-125)1,*
Йод, мкг 150 (135-240) 100 (90-160) 1,*
Фосфор 125 (112,5-156,2) 16 (14-20)1
Темір 16 (14,4-20) 114 (103-143)1,*
Мыс 2 (1,8-2,5) 200 (180-250)2,*
Марганец 2,5 (2,25-3,12) 125 (113-156)2,*
Селен, мкг 25 (23-40) 36 (33-57) 1
Хром, мкг 25 (23-40) 50 (46-80)2
Молибден, мкг 25 (23-40) 36 (33-57)2
Ванадий, мкг 10 (9-16) 67 (60-107)2,*

1 — ТР ТС 022/2011 сәйкес, №2 қосымша;;

2 — «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына» сәйкес (II тарау, 1 бөлім, 5 қосымша);

* тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.

Қолдану саласы

Қолдану саласы:

  • гиповитаминоздың, авитаминоздардың, минералды заттардың және микроэлементтердің жеткіліксіздігінің профилактикасында және емдеуде
  • қарқынды ақыл-ой және дене жүктемелерінде, бастан өткерген аурулардан кейін сауығу кезеңінде
  • жеткіліксіз және теңдестірілмеген тамақтануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге тамақтан кейін күніне 1 таблеткадан. Препаратты қабылдау курсы 30 күн. Қайталау курстары дәрігердің ұсынуы бойынша жүргізіледі.

Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Қарсы көрсетімдері

Қарсы көрсетімдері: құрамбөліктерін жеке көтере алмау, жүктілік, бала емізу кезеңі. Қолдану алдында дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің аурулары бар адамдарға эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет.

Қолдану тәсілі

ересектерге күніне 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, бір айдан кейін қабылдауды қайталауға болады.

Сақтау шарттары

15°С-тан 25°С-қа дейінгі температурада, ауаның ылғалдылығы 60% -дан аспайтын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

Жарамдылық мерзімі:

2 жыл

Тарату шарттары:

тарату орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен анықталады.

Дайындаушы

«Eagle Nutritionals, Inc.», 111 Commerce Road, Carlstadt, NJ 07072, USA (АҚШ) «Takeda Pharmaceuticals International AG» үшін, Thurgauerstrasse 130, 8152 Glattpark (Opfikon), Zurich, Switzerland (Швейцария).

қапталған: «Unipharm, Inc.», 75 Progress Lane, Waterbury, Connecticut (CT) 06705, USA (АҚШ).

Импорттаушы / Тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға өкілетті ұйым:

«Такеда Қазақстан» ЖШС

Алматы қ., Шашкин к-сі 44

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз