Шығарылу түрі

Кабықшамен қапталған, салмағы 1200 мг таблеткалар. Блистерде 10 таблеткадан, картон қорапта 6 немесе 9, немесе 12 блистерден. немесе

Құтыда 60 немесе 90, немесе 120 таблеткадан, картон қорапта 1 құтыдан.

Құрамы

Құрамы: магний (магний лактаты), ылғал ұстайтын агент сорбитол, тығыздалуға қарсы агент целлюлоза, стеарин қышқылының магний тұзы, тығыздалуға қарсы агент стеарин қышқылы, таблетка қабығы (гидроксипропилметилцеллюлоза тұрақтандырғышы, гидрокспропилцеллюлоза тұрақтандырғышы, тығыздалуға қарсы агент целлюлоза, тығыздалуға қарсы агент тальк, орта тізбекті триглицеридтер), тығыздалуға қарсы агент кремний диоксиді, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді).

Құрамында сорбитол бар. Шамадан тыс қолданған кезде іш жүргізетін әсер етуі мүмкін.

Показатели пищевой ценности

Белсенді компонент Тәуліктік тұтыну нормасындағы қамтылым (салмағы 1200 мг қабықшамен қапталған 4 таблетка) Тәуліктік тұтынудың ұсынылатын деңгейінен %
Магний 200 мг 50
В6 дәрумені 5,6 мг 280*

* тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейінен аспайды

Қолдану саласы

Биологиялық белсенді тағамдық қоспа ретінде — магний мен В6 дәруменінің қосымша көзі.

В6 ДӘРУМЕНІ

Жүйке жүйесінің қызметінде өте маңызды: ол серотонин, мелатонин, допамин гормондарын өндіруге қатысады. Жасушаларда магний жиналуына ықпал етеді.

Бұл дәруменнің жетіспеушілігі күйлері орталық жүйке жүйесінің бұзылуларымен көрінеді (тітіркенгіштік, ұйқышылдық, полиневрит) және шаршағандық, бұлшықет әлсіздігі және депрессиялық көңіл-күй түрінде көрінеді. 

МАГНИЙ

Жасушаларда энергия өндіру, жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, тонусын, тегіс бұлшықеттерін реттеу үшін қажет. Магний иондары көмірсулар алмасуына, ақуыз биосинтезіне қатысады, ми қыртысында қозу процестерін тежейді.

Магнийдің ең жоғары концентрациясы сүйектер мен бұлшықеттерде.

Магний жетіспеушілігі жүйке және бұлшықет импульстарының берілу жағдайына әсер етеді, жүйке мен тітіркенуден көрінеді.

Магниймен тамақтану рационын байыту бұлшықеттердің қалыпты жұмысын сақтауға, сондай-ақ әртүрлі сипаттағы күйзелістер магнийге деген қажеттілікті арттыратындықтан, депрессиялық күйлер мен күйзелістер кезінде жүйке жүйесінің күйіне қалыпқа келтіретін әсер етеді.

Іске асыру шарттары

Іске асыру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 2 таблеткадан. Қабылдау ұзақтығы — 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Қарсы көрсетілімдер

өнім компоненттеріне жеке төзбеушілік, жүктілік, емшекпен емізу, ішек функциясының бұзылуына бейімділік.

Сақтау шарттары

Кұрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде 25 °С жоғары емес температурада.

Дайындаушы

Дайындаушының атауы және орналасқан жері

«Walmark, a.s.», Oldrichovice 44, 739 61 Trinec, Чех Республикасы.

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым/импорттаушы:

«EҰ «Нижфарм-Казахстан» ЖШС, 050011, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй
Тел.: (727) 2222-100, факс: (727) 398-64-95,
е-mail: almaty@stada.kz.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 26.11.2021 ж. № RU.77.99.11.003.R.004392.11.21


Дәрі болып табылмайды.


Товарный знак ШТАДА Арцнаймиттель АГ

Единый знак обращения продукции на рынке государств – членов Таможенного союза

Знак системы добровольной сертификации

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз