Мазмұны
Балаларға арналған дәрумендердің негізгі функциясы — өсіп келе жатқан ағзаны қорғау және қолдау. Дегенмен, жаз мезгілінде дастарханда пайдалы жемістер мен көкөністер толып тұрғанда балаларға дәрумендер қабылдау керек пе? Дәрумен кешендерін қабылдаудың маусымдылығы және қажеттілігі тақырыбымен біздің мақаламызда танысыңыз.
Осы орайда, қабылдау керек пе, қабылдамау керек пе деген сұрақ туындайды
Балалардың дәрумендерді қабылдау қажеттілігі туралы ата-аналар мен мамандар пікір таласады. Десе де, зерттеулер дәрумендердің бірқалыпты зат алмасу және қолайсыз факторлардан қорғау үшін аса қажет екенін бұрыннан дәлелдеп үлгерген. Ағзада қандай да бір дәрумендер жеткіліксіз болса, өзіндік ресурстар жұмсала бастайды. Бұл бірте-бірте олардың таусылуына әкеледі. Соның нәтижесінде, ағзаның жұмысында ақаулар туындайды.
Дәрумендер сияқты минералдар да баланың ағзасы үшін маңызды. Олар өте аз мөлшерде болғанымен, ең маңызды өмірлік процестерді қолдауға мүмкіндік береді. Макро- және микроэлементтер ағзадағы 50 000-нан астам биохимиялық процесті реттеуге қатысады!
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, жыл бойы, маусымдылыққа қарамастан, халықтың 90%-ға жуығы дәрумендер мен микроэлементтердің нормадан ауытқуы — дәрумен-минерал теңгерімсіздігіне ұшырайды. Мұндай ауытқудың құпиясы қарапайым: дәрумендер мен минералдар ағзаға жеткілікті мөлшерде және белгілі бір арақатынаста түсуі керек. Егер қандай да бір дәрумен немесе минерал қажетті мөлшерден көбірек немесе азырақ түсетін болса, бұл басқа элементтің тапшылығына әкелуі мүмкін.
Балаларда дәрумендер мен минералдардың теңгерімсіздінің себептері
1-себеп. Жазда дәрумендер мен минералдардың тапшылығын тек көк-сөк, көкөністер және жемістер арқылы толықтыруға болатыны туралы пікір жаңсақ болып саналады. Элементтердің босалқы қорлардың толықтыру үшін жазда көкөністер мен жемістерді килограммадан жеу керек. Мысалы, күніне 15 апельсин немесе 12 лимон аскорбин қышқылына деген тәуліктік норманы толықтыруға көмектеседі. Сәби цитрустік өнімдердің осындай көлемін тауысып жей алатыны екіталай Адам ағзасы болса күн сайын 42 дәрумен мен микроэлементке мұқтаж!
2-себеп. Балғын көк-сөк, сәбидің сүйікті көкөністері, жеміс-жидектері өсетін өзіндік бақша әрбір бақшада бола бермейтінін ескерген жөн. Өнеркәсіптік ауқымдар көкөністер мен жемістердің өте көп мөлшерін өсіруге мүмкіндік бергенімен, олардың құрамындағы пайдалы заттектер концентрациясы жоғалады. Сондықтан, супермаркеттерде сатып алынатын өнімдер, ағзамыз дәрумендер мен минералдардың нақты дозасын алатындығына кепілдік бермейді. Осындай жағдайда тәуліктік рационды есептеп шығару өте қиын.
3-себеп. Жазда адам ағзасы күннің белсенділігі мен рационның ауысуына байланысты дәрумендер мен минералдардың жіті тапшылығын сезбейді. D дәрумені күннің көзі әсерінен түзіледі. С, А, К, Р дәрумендері және фолий қышқылы көкөністер мен жемістерден, көк-сөктен келіп түседі. Олар тырнақтардың, шаштардың сынғыштығын кетіреді, терінің күйін қалпына келтіреді. Бірақ дәрумендер мен минералдардың көлемін тек тамақтану арқылы толығымен толықтыру мүмкін емес. Бала жазда терлейді, аптап ыстық және тәбеттің болмауы себебінен толықтырыла алмайтын минералды заттардан айырылады.
4-себеп. Балалар жазда тез өсетінін барлық ата-аналар біледі. Адам ағзасы дәл жаз айларында қарқынды түрде өседі: қыркүйекке қарай киімнің жеңдері қысқа екені көрініп тұрады. Осылай белсенді түрде өсу үшін ағзада магний, кальций, темір мөлшері жоғары болуы керек. Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы салдарынан өсу мен ақыл-ойдың дамуы баяулап, зат алмасу нашарлап, иммунитет әлсірейді.
5-себеп. Жазда баланың тамақтану рационы өзгереді: майларды тұтыну мөлшері төмендеп, көмірсулар мен суды тұтыну мөлшері артады. Осылайша, А, В₂ дәрумендері мен кальцийді тұтыну мөлшері артып, Е, К және В₆ дәрумендерін тұтыну мөлшері қысқарады. Егер көктем-жаз кезеңінде ас мәзірін дұрыстамаса, теңгерімсіздік туындайды.
- 1-себеп. Жазда дәрумендер мен минералдардың тапшылығын тек көк-сөк, көкөністер және жемістер арқылы толықтыруға болатыны туралы пікір жаңсақ болып саналады. Элементтердің босалқы қорлардың толықтыру үшін жазда көкөністер мен жемістерді килограммадан жеу керек. Мысалы, күніне 15 апельсин немесе 12 лимон аскорбин қышқылына деген тәуліктік норманы толықтыруға көмектеседі. Сәби цитрустік өнімдердің осындай көлемін тауысып жей алатыны екіталай Адам ағзасы болса күн сайын 42 дәрумен мен микроэлементке мұқтаж!
- 2-себеп. Балғын көк-сөк, сәбидің сүйікті көкөністері, жеміс-жидектері өсетін өзіндік бақша әрбір бақшада бола бермейтінін ескерген жөн. Өнеркәсіптік ауқымдар көкөністер мен жемістердің өте көп мөлшерін өсіруге мүмкіндік бергенімен, олардың құрамындағы пайдалы заттектер концентрациясы жоғалады. Сондықтан, супермаркеттерде сатып алынатын өнімдер, ағзамыз дәрумендер мен минералдардың нақты дозасын алатындығына кепілдік бермейді. Осындай жағдайда тәуліктік рационды есептеп шығару өте қиын.
- 3-себеп. Жазда адам ағзасы күннің белсенділігі мен рационның ауысуына байланысты дәрумендер мен минералдардың жіті тапшылығын сезбейді. D дәрумені күннің көзі әсерінен түзіледі. С, А, К, Р дәрумендері және фолий қышқылы көкөністер мен жемістерден, көк-сөктен келіп түседі. Олар тырнақтардың, шаштардың сынғыштығын кетіреді, терінің күйін қалпына келтіреді. Бірақ дәрумендер мен минералдардың көлемін тек тамақтану арқылы толығымен толықтыру мүмкін емес. Бала жазда терлейді, аптап ыстық және тәбеттің болмауы себебінен толықтырыла алмайтын минералды заттардан айырылады.
- 4-себеп. Балалар жазда тез өсетінін барлық ата-аналар біледі. Адам ағзасы дәл жаз айларында қарқынды түрде өседі: қыркүйекке қарай киімнің жеңдері қысқа екені көрініп тұрады. Осылай белсенді түрде өсу үшін ағзада магний, кальций, темір мөлшері жоғары болуы керек. Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы салдарынан өсу мен ақыл-ойдың дамуы баяулап, зат алмасу нашарлап, иммунитет әлсірейді.
- 5-себеп. Жазда баланың тамақтану рационы өзгереді: майларды тұтыну мөлшері төмендеп, көмірсулар мен суды тұтыну мөлшері артады. Осылайша, А, В₂ дәрумендері мен кальцийді тұтыну мөлшері артып, Е, К және В₆ дәрумендерін тұтыну мөлшері қысқарады. Егер көктем-жаз кезеңінде ас мәзірін дұрыстамаса, теңгерімсіздік туындайды.
Ата-аналардың қателері: неліктен жазда дәрумендерді қабылдай берген жөн?
Көптеген ата-аналар күннің көзіне, жеміс-жидектерге және көкөністерге сеніп, дәрумен кешендерінің курстарын қабылдауды доғарады. Олар жазғы ас мәзірі теңдестірілгеніне және балалар ағзасының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратынына сенімді. Зерттеулер көрсеткендей, 3-14 жас аралығындағы балаларда белгілі бір дәрумендерді тұтыну көлемінде маусымдық өзгерістер байқалады. Бұл көбінесе "көмірсу" емдәмімен байланысты: тәттілерді, балмұздақты, газдалған сусындарды тұтыну мөлшері дәл жаз айларында артады.
Дәрумен-минералдар тапшылығының алдын алу және дұрыстау үшін келесі әдістерді пайдалану керек.
Жаз мезгіліне арналған дәрумендер мен минералдар кешенін таңдау жөніндегі кеңестер
Кешеннің құрамын тексеріңіз: ол баланың жас шамасын ескере отырып теңдестірілген дәрумендер мен минералдар құрамының ең көп мөлшерін қамтуы тиіс.
Тәулігіне 1 рет қабылданатын мармелад өнімдері балалар үшін оңтайлы нұсқа болады: баланы дәрі ішуге көндіру қалай қиын екенін ата-аналар жақсы біледі. Дәрумендер дәрілік заттармен байланыстырылмауы керек, бала олардың пайдасы мен тұрақты түрде қабылдануы керектігін түсінуі қажет.
Витрум® Кидс және Витрум® Юниор минерал қосылған көп дәруменді кешендері жоғарыда аталған талаптарға сай келеді. Сондай-ақ, олардың құрамында жылдың кез келген мезгілінде балалар ағзасы иммунитетін өсімдіктер негізінде жандандыратын аюбадам сығындысы бар.