Бета-глюкан дегеніміз не және ол иммунитет үшін неліктен маңызды? Бұл мақалада бета-глюкандар туралы ең маңызды ақпаратпен танысасыз, сондай-ақ біз олардың қалай жұмыс істейтіні туралы және осы затқа біздің ағзамызда неліктен болғаны дұрыс екенін айтып береміз.
Бета-глюкан дегеніміз – табиғи тектес полисахарид, басқаша айтқанда глюкозаның құрылымдық үзбесінің ұзын тізбегіне ие күрделі көмірсу. Оның негізгі қызметі – иммунитет жасушалары (макрофагтар мен лимфоциттердің) белсенділігін арттыру. Оның ерекше әсері иммундық жасушалардың тіршілік әрекетін ұзартуға және осылайша, ағзамыздың қорғаныс күштерін нығайтуға көмектеседі.
Бета-глюкандар қалай ашылды?
Бета‑глюкандар ХХ ғасырдың ортасында американдық және жапондық ғалымдар тарапынан ашылған болатын. Зерттеулер барысында бұл заттекті наубайханалық ашытқыдан, атап айтсақ – Saccharomyces cerevisiae саңырауқұлағының жасушалы қабырғаларынан бөліп шығару мүмкін болды. Сонымен қатар, жапондық ғалымдар оларды шиитаке, майтаке, рейши сияқты және т.б. емдік саңырауқұлақтардан бөліп шығара алды.
Бұл ашылым үлкен маңызға ие болды, себебі одан кейін бета-глюкандардың келесі тамаша емдік қасиеттері анықталды:
Емдік саңырауқұлақтарды ұзақ уақыт бойы зерттеу кезінде расталғандай, олардың құрамында бета-глюкандардың болуы адамның ағзасына күшті терапиялық әсерді қамтамасыз етеді. Шиитаке сияқты жапондық саңырауқұлақтардың жапондық медицинада бұрынғы заманнан бері қолданылып келе жатқаны бекер емес.
Саңырауқұлақтардан бөлек, бета-глюкандар ашытқы, саңырауқұлақтар, өзен және теңіз балдырларында, сұлы, арпа және қарабидай сияқты дәнді дақылдарда кездеседі.
Бета-глюкандардың пайдалы қасиеттері
Ең қызығы, бета-глюкан ағзаға түсіп, қорытылудың орнына қабынады және осылайша, тамақтың ішектен өтуін баяулатады. Соның арқасында, көмірсулар баяу сіңеді де, қандағы қант деңгейі тұрақтанып, тою сезімі ұзарады.
Бірақ, бұл тек осы полисахаридтің пайдалы қасиеттерінің бірі ғана, сонымен қатар ол:
Бета-глюкан иммунитеттің тиімді жұмысына елеулі үлес қосады. Иммундық реакцияларды іске қоса отырып, ол иммундық жасушалардың жетілу жылдамдығын, олардың жұмыс істеу қабілеті мен өмір сүру мерзімін арттырады.
Сондай-ақ, бета-глюкандар макрофагтардың (иммунитет жасушалары) рецепторларына жабысып, оларды іске қосады. Осылайша, макрофагтар патогендерді анықтап, оларды ағзадан уақтылы шығарып отыратын болады. Содан соң, макрофагтардың іске қосылуы арқасында ішекте жергілікті иммунитет қалыптасып, бауырда жүйелік иммунитет күшейеді.
Алайда, биохимиялық реакциялар күрделі процесс болғандықтан, бета-глюкандардың жұмысын оңай деп айту мүмкін емес. Себебі, жасуша қабырғаларының бөлігі бола отырып, олардың басқа құрамдас бөліктерімен байланысты болып келеді.
Бета‑глюкандар өзінің емдік қасиеттерін көрсете алуы үшін оларды тазарту керек. Арнайы өңдеу – экстракция глюкандардың жеңіл сіңетін бета-изомерлерін алуға мүмкіндік береді, олар болса толыққанды терапиялық әсерін тигізеді.
STADA компаниясы ұсынған Витрум® ББҚ желісінде жаңа өнім – Витрум® Иммунактив пайда болды, оның құрамына бета-глюкандар кіреді! Дәрумендер мен минералдардың арнайы кешені иммунитетті қолдауға бағытталған.
Витрум® Иммунактив кешенінің барлық құрамдас бөліктері бір-бірінің пайдалы функцияларын күшейте отырып, үйлесімді түрде жұмыс істейді. Препараттың негізгі құрамдас бөліктері – А, В тобы, С, D, Е, К дәрумендері, макроэлементтер, темір, кальций, йод, магний, микроэлементтер, мырыш, мыс, селен, марганец, биофлавоноидтар және, әрине, бета‑глюкандар.
Белсенді формулаға ие Витрум® Иммунактив:
Әдебиеттер тізімі
- Химич Т. Ю. Применение бета-глюкана в качестве иммуномодулирующей терапии у часто и длительно болеющих пациентов. Современная педиатрия, 2014; 5 (61): 106–110.
- Thornton B.P. et al., 1996; Brown G.D., Gordon S., 2001; Brown G.D. et al., 2002.
- Тағамға Витрум® Иммунактив биологиялық белсенді қоспасы. Тұтынушыларға арналған ақпарат. 13.12.2021 ж. № AM.01.07.01.003.R.000786.12.21 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
* Витрум® ББҚ желісінде