Дәрумендер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігін қалай анықтауға болады?

Күз-қыс аралығында адамда көңілсіздік басталады. Шаршағыштық, ұйқы қанбау, уайымшылдық – мұның барлығы дәрумендер жеткіліксіздігінің белгілері. Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы нашар хал-жағдайға, әлсіздікке, белгілі бір маңызды нәрсеге зейін қоюдың мүмкін еместігіне, бейжайлыққа, нашар көңіл-күйге алып келуі мүмкін.

Дәрумендер жеткіліксіздігінің себептері әр түрлі болуы мүмкін:

  • жақында басынан өткізген аурулар
  • дұрыс және үйлесімді тамақтанбау
  • күннің жеткіліксіздігі
  • жүктілік және сүтею кезеңі
  • дәрумендердің тағамнан тиімді сіңірілуіне тосқауыл болатын асқазан-ішек жолы жұмысындағы бұзылулар

Дәрумендердің жеткіліксіздігін анықтау әрқашан оңай болмайды. Бұл АІЖ, жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысындағы әр түрлі бұзылулар, шаш, тырнақ және тері жағдайының нашарлауы болуы мүмкін. Олар әрқашан дәл дәрумендердің жеткіліксіздігімен байланысты болмайды, дәрігерден кеңес алған жөн. Авитаминоз бетпердесімен қауіпті аурулар жасырынып жатқан болуы мүмкін.

Дәрумендердің жеткіліксіздігі кезінде тамақтануға ерекше назар аудару қажет. Дәлірек айтқанда сіздің тағамға нені тұтынатыныңызды қадағалап бастау керек.

Дәруменді-минералды кешендер мен монопрепараттарды қалай дұрыс таңдау керек?

Дәрумендерді қосымша қабылдау тиімді тамақтану мен физикалық белсенділікпен қатар денсаулықты сақтауға көмектеседі. Дәрумендер дәрілік зат болып табылмайды, алайда дәрігерден кеңес алған артық болмайды. Дәрумендерді курстармен өз бетімен қабылдауға болады.Дәрумендер мен минералдарды құрамы бойынша таңдау  — бұл Сіз үшін шындығында пайдалы таблеткаларды таңдаудың ең жайлы тәсілі болып табылады.

Дәрумендерді дұрыс таңдау үшін сондай-ақ олардың сізге не үшін керек екендігін анықтап алу қажет. Заманауи өмір шарттарында адамдардың көбісі жалпы ағзаны қуаттау үшін маңызды болатын, мамандар құрап және үйлестіріп қойған дәруменді-минералды кешендерді қабылдауды жөн көреді. Олар күз-қыс кезеңінде дәрумендердің жетіспеушілігінің алдын алу үшін жарайды, бірақ нақты дәрумендер мен минералды заттар, мысалы, Д, С дәрумендері, магний, темір, йод немесе кальцийдің терең жеткіліксіздігі кезінде олардың тиімділігі аз болады. Сондықтан ағзаның кейбір функцияларын емдеу және қалпына келтіру кезінде монопрепараттарды жөн көрген дұрыс. Монодәрумендер мен мономинералдар қарапайым құрамымен ерекшеленеді, оларда 1-2 белсенді заттардан артық болмайды. Олар, егер ағзаға нақты зат жетіспейтін болса, пайдалы болады.

Қарсы көрсетілімдер мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Дәрумендерді қатаң мөлшерлемеде қабылдаңыз, пайдалы нәрсе үлкен мөлшерде зиян келтіруі де мүмкін.

Витрум® кең өнімдер таңдауын ұсынады: ересектерге, балаларға, оқушыларға, 50+ жасындағы адамдарға, жүкті және емізулі әйелдерге арналған дәруменді-минералды кешендер, сондай-ақ монопрепараттар бар: 1 жастан асқан балаларға, ересектерге спрей және таблеткалар түріндегі Д3 дәрумені, С дәрумені, Магний В6.

Балаларға қандай дәруменді-минералды кешендерді қабылдауға болады?

Балалар сүйектердің өсуі мен оларды нығайтуға, ағзадағы темірдің мөлшерін қалпына келтіруге, зияткерлік және физикалық дамуға арналған дәрумендер мен минералдарға мұқтаж болады. Балалар мен жасөспірімдерге құрамында дәрумендер мен минералды заттардың және басқа қоспалардың үлкен мөлшері болатын иммунитетке арналған кешендер ерекше маңызды болады.

Витрум® желісінде 4–10 жастағы Кидс балалар үшін және 10–14 жастағы Юниор оқушылар үшін әзірленген, тұмау мен вирусты аурулар маусымында иммунитетті сақтайтын аюбадам сығындысы бар мамандандырылған өнімдер бар.

Жүктілік кезінде дәрумендер мен минералдарды ішу керек пе?

Жүктілік әйел ағзасындағы көп жүйенің жұмысы өзгеретін кезең болып табылады. Осы өзгерістермен бірге маңызды микроэлементтердің барлығын, соның ішінде жүктілерге арналған дәрумендерді де мүлдем басқа пропорцияда қабылдау қажеттілігі туады. Әйелдің өскен қажеттілігін тек оның тамақтану рационын өзгерту арқылы ғана жабу мүмкін емес: тұтынылатын тағамның көлемін өте қатты үлкейту қажет болады, бұл артық салмаққа алып келуі мүмкін. Сондықтан өзгертілген рационға қосымша ретінде дәрігерлер жүктілерге арналған дәрумендерді тағайындайды.

Витрум® Пренатал плюс дәруменді-минералды кешенінде жүктілікті жоспарлаған және жүктілік кезінде, емізу кезінде баланың дұрыс дамуына және Анасының денсаулығына арналған 13 дәрумен мен 8 минерал болады.

Иммунитетті сақтау үшін қандай дәрумендерді қабылдаған жөн?

Заманауи адамда қандай да бір дәруменнің емес, бір уақытта бірнеше дәруменнің жеткіліксіздігі бар болатынын ескере отырып, пайдалы компоненттер миксі болатын кешенді қабылдаған жөн болады.

Иммунитет – эволюция барысында бөлінген ағзаның сыртқы жау әсерлеріне және, ең алдымен, вирустар мен бактерияларға туа біткен қарсы тұру қабілеті.

Иммунитет әрқашан тұрақты болмайды – әр түрлі себептерге байланысты ол әлсізденуі мүмкін, және сол кезде ағза әр түрлі аурулар үшін оңай нысана болады.

Иммунитеттің төмен деңгейінің белгілері:

  • адам жиі ауырады және баяу жазылады
  • жылдам шаршағыштық, үнемі әлсіздік
  • жарақаттардың ұзақ жазылуы
  • тері мен шырышты қабықтардың нашар күйі, терідегі бөртулер

Иммунитеттің жеткіліксіздігі стреспен, дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігімен шартталған, сонымен қатар әр түрлі инфекциялық аурулармен ауыратындарда, жүкті және емізулі аналарда болуы мүмкін.

Егер аурулармен байланысты иммунитетті емдеу білікті дәрігерлердің араласуын талап ететін болса, ондай дәрумендердің жетіспеушілігімен байланысты иммунитетті көтеру барлығымыздың қолымыздан келеді. Ағзада қажетті дәрумендердің болуы иммунитетке тікелей әсер етпейді. Алайда жанама түрде ағзаны оңтайлы күйде сақтауға және зат алмасуды жақсартуға арналған құрал ретінде дәрумендерді қабылдау үлкен пайда әкеледі.

Витрум® Иммунактив, Кидс, Юниор дәруменді‑минералды кешендері қосымша бета‑глюкандар — иммунитеттің табиғи күшейткіштерімен күшейтілген, сондай-ақ Витрум® Витамин Д3 ағза мен иммунитеттің қорғаныс күштерін сақтауға жағдай жасайды.

Ересектерге Д3 дәруменін қашан қабылдаған дұрыс?

Д дәруменін ағза өз бетінше бөледі, бірақ тек күн сәулесінің әсерімен. Сондықтан жарық күн айтарлықтай қысқа әрі бұлтты болатын күзде пайдалы элементті тамшы күйінде қабылдаған жөн. Бұл мөлшерлемені реттеуге мүмкіндік береді. Д дәруменін қабылдау күз мезгілінде ЖРВИ-дан сенімді қорғаныс болып табылады, себебі иммунитеттің деңгейін айтарлықтай көтереді. Бұл ретте D дәруменінің шамадан тыс жоғары мөлшерлерін бір реттік қабылдау ағзаның тұмау ауруларына орнықтылығына әсер етпейді, ал төменірек мөлшерді күнделікті жүйелі қабылдау иммунитетке оң әсер етеді. Ересектер үшін Д дәруменін қабылдаудың адекватты деңгейі тәулігіне 400 ХБ құрайды. Витрум® дәрумендері желісінің сұрыптамасында Д3 дәрумені ересектер үшін спрей түрінде сұйық күйінде (спрейді бір рет басу 400 ХБ құрайды) және таблетка күйінде (1 таблеткада 1000 ХБ) бар.

Стрестен айырылуға және сабырлылықты қайтаруға қандай дәрумендер көмектеседі?

Дәрігерлердің көбісі, егер сіз тек бір минералды қабылдағанды қалайтын болсаңыз, оның магний болуы керектігін айтады. Оның ағзадағы функцияларының әр түрлі болғаны сонша, оның неге әсер етпейтіндігін айту оңайырақ болады. Сонда да: магний біздің жүйке жүйемізге, сүйектер мен тістерімізге керек, жүрегіміздің жұмысына және гипертониялық аурудың алдын алу үшін қажет. Ұзақ стрестер жүйке жүйесіне күш түсуіне алып келеді, ал ол көңіл-күй мәселелеріне және қалыпты қылықтың бұзылуына алып келеді:

  • айрықша себепсіз қараңғы ойлар, үрей жеңеді;
  • әлсін-әлсін кеңілсіздік орын алады, бұрын маңызды болған өмір салаларының көбісіне қызығушылық жойылады;
  • болмашы нәрселерден ашуланшақтық пайда болады;
  • тұрақты ұйқышылдық пен шаршағыштық, бірақ бұл ретте ұзақ уақыт ұйқыға кету;
  • жұмыс қабілеттілігі мен зейін қою мүмкіндігінің төмендеуі;
  • естің және ойлау процестерінің нашарлауы.
Жүйке жүйесімен ақаулар адамның физикалық күйіне әсер етуі мүмкін:
  • жиі бас ауруы;
  • ентігу және жиіленген жүрек қағысы ұстамалары;
  • «тамағында тас тұрғандай» сезіну;
  • артериалды қысымның секіруі;
  • денедегі бұлшықет аурулары;
  • тәбеттің төмендеуі және ас қорытудың бұзылуы.
Мұндай белгілерді назарсыз қалдыруға болмайды, әйтпесе жағдай үдей береді. Не істеу керек? Егер адамда осы симптомдардың барлығы болатын болса, дәрігерге қаралу керек. Егер жоғары келтірілгендердің тек 3–4 белгісі ғана мазалайтын болса, жағдайды өз бетінше жеңілдету әбден мүмкін. «Антистресс» дәрумендеріне қозғыштықты азайтуға жағдай жасайтын, ұйқысыздық пен созылмалы шаршағыштықтан айырылуға әсер ететін, жүрек жұмысын қалыпта ұстайтын Витрум® Магний В6 жатады.

Жарамдылық мерзімі өткен Витрум® дәрумендерін қабылдауға бола ма?

Біздің барлық өнімдерімізге зертханалық тұрақтылық зерттеулеріне негізделген жарамдылық мерзімі тағайындалады. Біз жарамдылық мерзімі өткеннен кейін өнімді тұтынуды ұсынбаймыз.

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз

kaspi.kz
Рауза АДЕ
Europharma
Добрая
Садыхан
kz.apteka.com
БИОСФЕРА

Үйдің жанында дәріхана табыңыз