Бұл мақалада сіз жүктілікті жоспарлау жөніндегі ең маңызды ақпаратпен танысатын боласыз: қандай дәрігерлерге міндетті түрде қаралу керек, қандай өнімдерге ерекше көңіл бөлген жөн және т.с.с.

Дәрігерлерден бастайық

Бұл алғашқы және ең маңызды тармақ. Баланы дүниеге әкелуді жоспарлайтын әр әйел міндетті түрде гинеколог, терапевт және стоматологқа қаралуы керек. Дәрігерлер жалпы клиникалық және биохимиялық қан талдауы, инфекцияларды және қалқанша безі гормондарын талдау, кіші жамбас органдарының УДЗ сияқты арнайы талдаулар мен зерттеулерді тағайындайды. Қажет болған жағдайда терапевт немесе гинеколог сізді басқа мамандарға жіберуі мүмкін.

Бұл зерттеудің мақсаты, бала көтеруіңізге кедергі келтіре алатын немесе жүктілік кезеңінде асқынып кете алатын қандай да бір аурулардың немесе жұқпалы аурулардың жоқ екеніне көз жеткізу. Асқынып кеткен ауруларды жүктілік кезеңінде емдеу қиынға соғатындықтан, ертерек емделу немесе ремиссияға (аурудың тұрақтануына) жету өте маңызды.

Посещение врачей // акцентный блок

Себебі, көптеген дәрі-дәрмектер болашақ аналарға жарамайды, оның үстіне жүктілік кезеңінде қажетсіз қатерлер мен асқынулар болмағаны дұрыс.

Армысың, салауатты өмір салты

Бұл да жүктіліктің қолайлы өтуі үшін маңызды қадам. Салауатты өмір салты жүктіліктің барлық ауыртпалықтарын жеңілдетеді және дені сау сәбиді дүниеге әкелуге септігін тигізеді.

  • Бала көтеруге дайындала отырып, өмір салтыңызды тыныш және ырғашқы тыныс-тіршілікке қарай бұрыңыз, күйзеліс пен мазасыздықтан аулақ болыңыз.
  • Темекі шегу және ішімдік ішу кері әсерін тигізуі мүмкін, сол себепті болжалды түрде ұрықтануға дейін 2-3 ай бұрын болашақ әкемен бірге осы заттардан бас тартыңыз.
  • Жұмыстағы жүктемені азайтыңыз, көп жұмыс істемеуге тырысыңыз.
  • Дұрыс ұйқы режимін сақтаңыз, кемінде 7-8 сағат ұйықтау керек.
  • Дұрыс тамақтана бастаңыз. Рационыңызға балғын көкөністер мен жемістерді, өз қолыңызбен дайындалған ет пен балықты көбірек қосыңыз. Жартылай фабрикаттардың санын қысқартыңыз, өнеркәсіпте дайындалған тағамнан, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы сақталатын өнімдерден де бас тартыңыз.

Дәрумендер мен минералдарды қосамыз

Үлкен қаланың әрбір дерлік тұрғыны дәрумендер мен минералдардың тапшылығын сезінетіні құпия емес. Бұл маңызды тармақ, себебі жүкті болу кезінде дәрумендер мен минералдарға деген қажеттілік іс жүзінде еке есе арта түседі, яғни болашақ ана өзі үшін де, ішінде өсіп келе жатқан нәресте үшін де дәрумендердің жеткілікті мөлшерін алып тұруы керек болады.

Ұрықтанудың бірінші айында әйел адам өзінің жүкті екенін байқамайды, бірақ бұл уақыттың өзінде болашақ сәбидің ағзасы қалыптаса бастайды. Витрум Пренатал Плюс ағзаны қажетті дәрумендер кешенімен күнібұрын қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл, болашақ аналарға арнап әзірленген теңдестірілген кешен.

Ойдағыдай ұрықтану үшін дәрумендер де қажет, олардың негізгі түрлері төменде көрсетілген:
  • Фолий қышқылы — жасушалардың өсуіне жауап береді, сондай-ақ жатыр ісіктерінің даму ықтималдығын азайтады, сонымен қатар ұрықтың даму ауытқушылығын болдырмайды және оның жүйке жүйесінің құрылуына жауап береді.
  • А, Д және Е дәрумендері — әйелдің бала көтеру қабілетін арттырады және ұрықтың сүйек жүйесінің құрылуына жауап береді.
Витрум Пренатал Плюс кешенін жоспарланатын жүктілікке дейін 2-3 ай бұрын қабылдай бастау ұсынылады.

Спорт – қай түрін таңдаған жөн?

Мұнда басымдықтарды дұрыс белгілеу маңызды. Спорттың денсаулыққа пайдалы екені шүбә келтірмесе де, белсенді жаттығулар, күш жаттығулары және денеден май кетіру сияқты шамадан тыс жүктемелерді алып тастау керек. Осындай жаттығулар күйзеліске себеп болуы ықтимал, ал май тінінің өте төмен деңгейі әйелдің жыныстық гормондарының деңгейіне нашар әсер етіп, бала көтеруге кедергі келтіруі мүмкін.

Жүкті әйелге дене жаттығуларының орташа деңгейі пайдалы болады. Таза ауада серуендеу – ең керегі, себебі бұл кезде қан оттекпен қамтамасыз етіліп, көңіл-күй көтеріледі. Пилатес немесе йогамен айналысу болашақта жүктілік немесе босану кезінде көмектеседі, себебі осы жаттығулар пресс пен жамбас қуысы түбінің терең бұлшықеттерін нығайтады.

Және ең соңында — өз-өзіңізге қамқорлық жасау

Өз-өзіңізге қамқорлық жасауды ұмытпаңыз, себебі жүктілік кез келген әйел адамның денсаулығы үшін қиын сынақ. Ағзаңыз бала көтеруді қамтамасыз ету үшін толығымен өзгеретіндігіне дайын болыңыз. Уақтылы демалуды, үйлестіріп тамақтануды және жеңіл дене жаттығуларын жасап тұруды ұмытпаңыз.

Сонымен қатар, әрине, дәрумендер мен минералдар көмектеседі. Кейбір дәрумендер мен минералдардың пайдалы қасиеттерін біле отырып және оларды үйлестіріп қабылдай отырып, өз-өзіңізді әлдеқайда жақсы сезіне аласыз.

Дәрумендер өзіңізді жақсырақ сезінуге қалай көмектесе алады:

  • Е дәрумені, фолий қышқылы, йод – гормоналды фонды қалыпқа келтіреді, әйелдің жыныстық жүйесінің саулығын сақтайды, ұрықжолдастың күйін жақсартады.
  • D дәрумені, кальций, марганец – сүйектер мен бұлшықеттерді нығайтады, тістердің саулығын сақтайды;
  • С дәрумені, темір – жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысын жақсартады, қан тамырларын нығайтады;
  • В тобының дәрумендері, магний – токсикозды басады, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, күйзеліспен күресуге көмектеседі, аяқтың құрысуын болдырмайды және жатыр тонусын қалыпқа келтіреді.
  • Күз-қыс мезгілінде суық тию болашақ ана мен сәбиге қауіп төндіреді. Себебі, біз үшін барлық дерлік қалыпты дәрілер: вирусқа қарсы, антибиотиктер, ыстықты түсіретін және тұмау симптомдарын жеңілдететін дәрілерге жүктілік кезінде тыйым салынған.
    Вирустық аурулардан кейінгі асқыну белгілері ана мен болашақ сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Иммунитетті нығайту және вирустардан қорғану үшін А, С, Е дәрумендерін, сондай-ақ селен мен мырышты қабылдап тұрыңыз.

Жүктілік — болашақ бала туралы күтім уақыты

Бұл 9 ай оның бүкіл өмірінің іргетасы болады. Осы аралықта қажетті барлық дәрумендер мен минералдарды күніне Витрум® Пренатал Плюс таблеткасын қабылдай отырып алуға болады.

Забота о себе // цветной блок

Әдебиеттер тізімі

  1. Витамины и минералы как фактор предупреждения дефектов развития плода и осложнений беременности. Коденцова В.М. // Медицинский совет. – 2016. – № 9. – С. 106-114
  2. «Sleep» [Harvard School of Public Health. 2021]
    Прегравидарная подготовка. Пустотина О.А. // Медицинский совет. – 2017. – № 13. – С. 64-70

Сізге қызықты болады

Балаларға жазда дәрумендер не үшін керек? Балаларға жазда дәрумендер не үшін керек?

Балаларға арналған дәрумендердің негізгі функциясы — өсіп келе жатқан ағзаны қорғау және қолдау.

Көбірек біліңіз
Витаминдер мен минералдар кешендері: болашақ ананы қалай қолдауға болады? Витаминдер мен минералдар кешендері: болашақ ананы қалай қолдауға болады?

Жүктілік — болашақ ана өз-өзіне екі есе мұқият күтім көрсетуі керек болып саналатын ерекше кезең.

Көбірек біліңіз
Бета-глюкан: күшті және сау иммунитет Бета-глюкан: күшті және сау иммунитет

Ағзаның қорғанысын нығайту және тағамға арнайы биологиялық белсенді қоспалардың көмегімен аурулардың алдын алу — бұл иммунологиядағы жаңа тәсіл.

Көбірек біліңіз
Ана мен болашақ сәбидің денсаулығы қауіпсіз жерде! Ана мен болашақ сәбидің денсаулығы қауіпсіз жерде!

Жүктілік-бұл әйел денесінің күрделі қайта құрылуы. Өмірдің жаңа кезеңіне қалай дайындалу керек және сау бала тудыру керек.

Көбірек біліңіз

Сіз біздің өнімдерді қалаңыздың дәріханаларынан ала аласыз немесе онлайн тапсырыс бере аласыз